+7 747 110 32 35
17.01.2018 08:55
Отанында құметті

Отанында құметті

Әйгілі кәсіби боксшы Геннадий Головкин Қарағандыға келіп кетті. Отаны оны ыстық қабылдап, кеудесіне құрмет белгісін тақты. Ол енді, «Қарағанды облысының құрметті азаматы».
Нүркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде өткен салтанатты жиында атақты жерлесімізді облыс әкімі Ерлан Қошановтың өзі марапаттады. Оның айтуынша, «Геннадийдің әр келгені – біз үшін үлкен мереке, айтулы оқиға»
- Сіздерге көрсеткен құрметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Мен үшін қуанышты сәт. Қазақстан туын әлем ареналарында әлі де талай көтереміз деп ойлаймын. Еліміздің әнұраны да талай рет шырғалатын болады. Сіздер мені жаңа жетістіктерге итермелеп тұрсыздар. Барлық ата-аналарға айтарым – балаларыңызды спорт секцияларына әкеліңіздер. Спортпен айналысыңыздар – дендеріңіз сау болады, – деді, Геннадий Головкин кеудесіне құрмет белгісі тағылған соң.

Головкинге бұл атақты беру туралы шешім өткен жылы желтоқсан айында Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті XIII сессиясында қабылданған болатын. «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы азаматтардың сіңірген еңбегі мен аймақ пен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі үшін табысталады.
Айнұр БАЛАКЕШОВА, Караганды
351




comments powered by HyperComments