+7 747 110 32 35
10.02.2018 20:50
Мэйвезер мен Макгрегор тағы кездеседі

Мэйвезер мен Макгрегор тағы кездеседі

Флойд Мэйвезер Конор Макгрегорға қарсы, аралас жекпе-жек ережесімен, сайысқа шығуға келісімін берді. Жекпе-жектің қашан болатыны, әзірге, белгісіз.

Өткен жылы Мэйвезер мен Макгрегор бокс ережесімен жекпе-жекке шыққан болатын. 27-ші тамыз күні, Лас-Вегаста өткен кездесуде, Мэйвезер оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп кеткен еді. Бұдан соң, америкалық сайыскер спорт карерьасын аяқтайтынын айтқанымен, әлеуметтік желілерде оның , ММА ережесімен ұрысуға,  қалай дайындалып жатқанын көрсететін бейне жазбалар пайда болған.

Кәзір 40 жастағы Мэйвезер осы уақытқа дейін ең көп ақша табатын боксшы болып саналады. Ол бес салмақ дәрежесінде жеңген чемпион. 1996-шы жылғы Олимпиада Ойындарында қола медальды ұтып алған болатын. Кәсіби рингте өткізген 50 жекпе-жекте тек қана жеңіп (27 нокаут) шыққан.
2200




comments powered by HyperComments