+7 747 110 32 35
28.11.2017 16:01
Мейвезер қайта "шаппақшы"

Мейвезер қайта "шаппақшы"

Бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер тағы бір жекпе-жек өткізу үшін рингке қайта оралмақшы ниетте. Бұл туралы америкалық баспасөз беттерінде жарияланды. Олардың ақпаратына сүйенсек, Мейвезер 51-ші жекпе-жегіне шықпақшы көрінеді. Дегенмен де, боксшының өзі қарсыласты іздестіру туралы ресми мәлімдеме жасауға әлі де ертерек дейді. Мейвезер кәзір 40 жаста. Соған қарамастан, денсаулығында мін жоқ, Лас-Вегастағы спорт залдарының бірінде толық қанды жаттығулар өткізіп жүрген көрінеді. Мейвезер бұған дейін де спортпен бір рет қоштасып, артынша қайтып келген болатын. Осы жылы 27-ші тамыз күні Лас-Вегаста аралас жекпе-жек майталманы Конон Мак-Грегормен қолғап түйістіріп, техниалық нокаутпен жеңген болатын. Ол Мейвезердің кәсіби жолындағы 50-ші жеңісі еді. Ол әлі күнге жеңілістің ащы дәмін татып көрген жоқ. 

222


comments powered by HyperComments