+7 747 110 32 35
11.02.2018 16:42
Мажарстанда үш «алтын» алып, алға шықтық

Мажарстанда үш «алтын» алып, алға шықтық

Қазақстанның бокс құрама командасы, Мажарстандағы Дебрецен қаласында өткен, 62-ші халықаралық Иштван Боскайдың турнирінде үш алтын жүлде ұтып алып, командалық есепте бірінші орынды иемденді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызыметі.

Финалдық ұрыста Ильяс Сүлейменов (56 кг) Чехия атлеті Мирослав Горальді жеңді. Ересектер элитасына жаңа қосылған, Азияның жастар арасындағы чемпионы Саматәлі Толтаев(64 кг) тәжірибелі моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсукты тізе бүктірді. Асланбек Шымбергенов (69 кг) ринг қожайыны Андрас Вадашты ұтты.

Команда қоржынына «күміс» салған – Айболды Дәуренұлы (+91), ал қола медаль Абай Төлеште(75 кг).

Европадағы ертеден өткізіліп келе жатқан Иштван Боскай турниріне биыл 23 елден 158 боксшы қатысқан болатын.
1026




comments powered by HyperComments