+7 747 110 32 35
04.12.2017 08:04
Әли Ахмедов  АҚШ-қа аттанды

Әли Ахмедов АҚШ-қа аттанды

Отандасымыз Әли Ахмедов (9-0, 7КО) американдық Дешон Уэбстермен (9-0, 6КО) қолғап түйістіруге дайын.

Боксшы өзінің Instаgrаm парақшасында «Жаттығу кезеңі  аяқталды. Ертең АҚШ-қа ұшамыз!» деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесу WBC нұсқасы бойынша әлемнің «жастар» чемпионы титулын міндетті түрде қорғап қалу аясында өтетін болады. Жартылай ауыр салмақтағы боксшылар Техас штатының Раунд-Роке  қаласында 8-ші желтоқсан күні жұдырықтасады.

Фото: боксшының Instаgrаm парақшасынан

98


comments powered by HyperComments