+7 747 110 32 35
02.02.2018 20:09
GGG Бірінші халықаралық бокс форумының тұлғасы атанды

GGG Бірінші халықаралық бокс форумының тұлғасы атанды

Орта салмақта бокстан WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары боынша әлем чемпионы Геннадий Головкин, бірер күн бұрын, Сочиде ашылған, Бірінші халықаралық бокс форумының тұлғасы атанды. Атақты қазақстандық боксшіге «Жылдың үздік боксшысы» деген естелік табысталды. Ал, «Жылдың үздік бапкері» атағы оның жаттықтырушысы Абель Санческе бұйырды.

Голвкиннен бөлек, Қазақстан тарбынан бұл форумға Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы дирнекторы Бекжан Бектенов, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаевтар қатысып жатыр.

Форум аясында төрешілер семинары, кәсіби бокс халықаралық ұйымдары директорларының кеңесі, олимпиада чемпиондары қатысатын дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптары өтеді.

Форум көтеретін басты мәселелердің бірі – әуесқой және кәсіби бокстың түйісу мүмкідіктері.
2638




comments powered by HyperComments