+7 747 110 32 35
04.02.2018 10:34
Гассиев WBA чемпионы белбеуін ұтып, Дүниежүзілік суперсерия финалына шықты

Гассиев WBA чемпионы белбеуін ұтып, Дүниежүзілік суперсерия финалына шықты

Ресей боксшысы Мұрат Гассиев осы түнде, 12 раундтық жекпе-жекте кубалық Юниер Дортикосты накоутқа түсіріп,  IBF нұсқасы бойынша,  бірінші ауыр салмақ дәрежесінде WBA чемпионы белбеуін тағып, Бокс Супер сериясының финалына шықты.  

Гассиев қарсыласын жекпе-жектің соңында ұрып жықты. Қарсыластар бірін бірі кезек соққыға алған кезде, Юниер рингке жалп ете құлап, қайта көтерілген. Алайда, Гассиев оны бірден есеңгіретіп тастады. Бұдан соң, бар күшін жиып, рингте әрең қозғалып жүрген Юниер, тағы да, қатты соққыны жіберіп алды. Соққының екпіні салмақты шығып, ринг арқанынан ауып құлады. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Гассиевтің қолын көтерді.  

Енді Мұрат Гассиев суперсерия финалында WBC және WBO чемпионы украиндық Александр Усикпен рингке шығады. Ол жекпе-жек мамыр айында Сауд Аравиясында өтеді.  
2011




comments powered by HyperComments