+7 747 110 32 35
02.02.2018 11:01
Демалыстағы чемпион

Демалыстағы чемпион

Дүниежүзілік бокс ассоциациясы(WBA) ресей боксшысы Денис Лебедевті бірінші ауыр салмақтағы атағынан айырып, оған «демалыстағы чемпион» титулын таңды.

Ұйымның баспасөз қызыметінің мәліметтеріне қарағанда, толық титулдың иесі кубалық Юниер Дортикос пен Халықаралық бокс федерациясы(IBF) нұсқасы бойынша чемпион ресейлік Мурат Гасиев арасындағы жекпе-жекте анықталатын болады. Бұл кездесу осы сенбіде World Boxing Super Series турнирінің жартылай финалдық кездесулері қатарында Сочиде өтеді.

Рингке соңғы рет 2017-ші жылдың 9-шы маусымы күні шыққан 39 жастағы Денис Лебедев WBA-ның мұндай шешім шығаруына өзінің ауызша келісімін берген көрінеді. Бірақ, ол кәсіби тартыстан әлі де кетпейді. Денистің командасы оның супер серияның жеңімпазымен қолғап түйістіруге дайын екенін мәлімдеді.

Д. Лебедев кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, оның 30-ында жеңген (22 нокаут), үшеуінде жеңіліп қалған.
2798




comments powered by HyperComments