+7 747 110 32 35
04.02.2018 17:01
Боксты Олимпиада ойындары бағдарламасынан алып тастай ма?

Боксты Олимпиада ойындары бағдарламасынан алып тастай ма?

ХОК басшысы Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің Халықаралық әуесқой бокс федерациясына бөлінетін төлемдерді тиятынын және боксты Токиода өтетін 2020-шы жылғы Олимпиада Ойындары бағдарламасына қосу-қоспау мәселесін қарастыру құқын өз құзырында қалдыра беретіні жөнінде мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, «Атқарушы комитет федерацияның басқару жүйесін(AIBA) тексеруді бастағанын растайды. ХОК федерацияға қаржы бөлуді тияды. ХОК Атқарушы комитеті федерациямен, қажет байланыстан басқа, бар байланыстарын тоқтатқан».

2017 ж. қараша айында AIBA атқарушы комитеті, біраз айып таға отырып, Чинг Куо Вуды ұйымның президенті қызметінен босатқан болатын. Содан бері, президент қызметін атқарып келген Франко Фальчинеллиді биылғы қаңтар айында өзбек Гафур Рахимов алмастырған.

«Біз желтоқсан айында проблемалар бар екенін көрдік, бірақ ол туралы еш түсініктеме алған жоқпыз. Бұл ұйым ішінде қабылданатын шешімдерге байланысты. Сонымен бірге, федерацияның жаңа уақытша сайланған президентіне қатысты, дәлірек айтсақ, қаржы мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтарымыз бар. Біз бұл федерацияда, допингке қарсы күрес мәселесінде, жағдайдың түк жақсармағанын көріп отырмыз», - дейді Бах.
2415




comments powered by HyperComments