+7 747 110 32 35
19.01.2018 09:08
БОКСТАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

БОКСТАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

Қаңтар айының 23 – 27 аралығында Алматыда 16-17 жасар жасөспірім қыздар арасындағы бокстан ел чемпионаты өтеді.
Чемпионатты спортта биік нәтижелерге жету Арнайы мектебі AIBA ережелеріне сай қабылдайды. Жекпе-жектер 10 салмақ дәрежесі бойынша: 48, 51, 54, 57, 60, 64, 69, 75, 81, +81 кг өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге табысталатын диплом, медельдардан бөлек, «үздік айла-тәсіл үшін», «жеңіске деген еркі үшін» және «үздік төреші» сынды сыйлықтар да бар.
Бұл чемпионаттың басты мақсаты ел арасында бұқаралық спортты, оның ішінде боксты дамыту және елдің жасөспірімдер құрамасын құру үшін талантты үміткерлерді анықтау болып табылады.
Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы спорт Басқармасы, Алматы қаласы бокс Федерациясы бірлесе ұйымдастырған.
Чемпионаттың ашылу салтанаты 23 қаңтар күні сағат 14:30, Аксай-1 м/а-да,10 үй.
Спортшылардың салмағын өлшеу күн сайын 08:00-ден 09:00 дейін
Жекпе-жектер күн сайын сағ. 12:00 басталады.
1536




comments powered by HyperComments