+7 747 110 32 35
28.11.2017 16:25
Бесінші жеңіс

Бесінші жеңіс

Орташа салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов кезекті жедел жеңісінен кейін өз дивизионының рейтингісінде 28 сатыға көтерілді. Өткен демалыс күндері жерлесіміз Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында американдық Эрик Мунмен бокстасқан болатын. Жекпе-жектің  екінші раундында-ақ қазақстандық қарсыласын техникалық нокаутқа жіберген. Осы жеңістен соң, Мейірім  BoxRec рейтингісі бойынша өз дивизионының үздік жүздігіне еніп, ол тізімде 92-ші болып орналасты. Бұл оның кәсіби рингтегі төртінші рет ерте аяқталған бесінші жеңісі.

89


comments powered by HyperComments