+7 747 110 32 35
30.11.2017 12:31
Арманның жекпе-жегі болмайды

Арманның жекпе-жегі болмайды

«Астана-Арланс» құрамында Дүниежүзілік бокс сериясының чемпионы Арман Рысбектің АҚШ-тың Тампа қаласында 1 желтоқсан күні өтуі тиіс жекпе-жегі болмайтын болды.

Боксшының менеджері Фархад Шарипов бұл кездесудің, Арманның қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты,  өтпейтінін хабарлады. Басқа қарсылас табуға уақыт тығыз болды дейді, Шарипов. Белгілі болғаны, желтоқсан айында Арманның рингке шығуы әбден мүмкін. Оның екінші жекпе-жегі келесі жылдың 27 қаңтарына белгіленген болатын. 

154


comments powered by HyperComments