+7 747 110 32 35
27.01.2018 18:21
AIBA Президентінің қызыметін атқарушы болып, өзбек Гафур Рахимов сайланды

AIBA Президентінің қызыметін атқарушы болып, өзбек Гафур Рахимов сайланды

Халықаралық бокс ассоциациясының (AIBA) Дубайда өтіп, 109 елдің өкілдері қатысқан кезектен тыс конгресінеде ұйымның президенті қызметін уақытша атқарушы ретінде Гафур Рахимов (Өзбекстан) сайланды.

20-шы қарашадан осы уақытқа дейін, AIBA президентінің қызметін атқарып келген Франко Фальчинели бұл қызметті тастап, отставкаға кетті. Кезектен тыс конгресс, бұдан бөлек, Чинг-Куо Вуға ұйымның құрметті президенті деген атақ беру туралы ұсынысқа қарсы дауыс берді.
Қазақстан атынан AIBA-ның кезектен тыс конгресіне Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов қатысты. Халықаралық ұйым президенті биыл қараша айында Мәскеуде өтетін кезекті конгресс барысында сайланады.

2017-ші жылдың шілде айында AIBA атқарушы комитетінің 13 мүшесі Чинг-Вуо Вуға сенімсіздік танытқан болатын. Сенімсіздікке сеп болған – ұйымның қаржылай проблемалары болып табылады. Оны қызметінен қуғысы келгендер, талаптарын со арқылы жүзеге асырмақшы болғанымен, Швейцарияның Федерал соты президент пен атқарушы директор Уильям Луи-Маридің жауаптарын тыңдап шыққан соң, оны орнынан кетіруден бас тартқан болатын. Дегенмен де, 10-шы қазан күні AIBA-ның тәртіп комиссиясы Вуды, бәрібір, қызметінен шеттетіп, атқарушы комитет ол шешімді қолдап шыққан еді.
Чинг-Куо Ву AIBA Президенті болып, 2006-шы жылы сайланған болатын. Ол пакистандық Ануар Чоудриді алмастырған. 2014-ші жылдың қараша айында, бәсекелессіз сайлауға түсіп, үшнші рет осы лауазымын сақтап қалған.
2241




comments powered by HyperComments