+7 747 110 32 35
07.02.2018 06:51
 «Астана арландарының» басшылығы ауысты

«Астана арландарының» басшылығы ауысты

«Астана Арланс» сайыскерлер клубына 2004-ші жылғы Олимпиада чемпионы, Вел Баркер Кубогінің иегері Бахтияр Артаев басшылық жасайтын болды. Бұған дейін басшылық жасаған, Баркер Кубогінің иегері, Олимпиада чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев не үшін, не себеппен командадан кеткені туралы команданың ресми сайтында айтылмған.

Дүниежүзілік бокс сериясын үш рет ұтып алған команданың жаңа басшысы, бір кездері мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2009 ж. Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды, Тараздағы Бахтияр Артаев атындағы спорт Сарайының директоры болды. 2011-ші жылдан облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары. 2012-ші жылдың 24-ші желтоқсанынан «Астана» кәсіби спорт клубының президенті. 2013-ші жылдың 14-ші қарашасында WSB комиссиясының құрамына енді. 2016-шы жылдан бері «Тарлан Батырлары» ЖШС-не басшалық жасайды.

10 ақпан күні «Астана Арланс» WSB сегізінші маусымындағы алғашқы кездесулерін бастайды. Біріншіжекпе-жектер Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді. Қонаққа Нью-Делидің Indian Tiger клубы келеді.
1699




comments powered by HyperComments